Астана Халықаралық Әуежайы – 15 ірі әуе компаниясы қызмет ететін еліміздің бас әуе қақпасы. Оның аэродромы көп жылдан бері алыс және жақын шет елдерін біріктіреді.
Халықаралық Алматы Әуежайы бұрынғы кеңес одағы елдерінде ICAO IIIB аэродром санатына ие бірінші әуежай болды.
Халықаралық Орал әуежайы Батыс Қазақстан облысының орталығы болып табылатын Орал қаласына қызмет көрсетеді.
Халықаралық Ақтөбе әуежайы – еліміздің аса маңызды өнеркәсіптік аймағында орналасқан, Батыс Қазақстанның басты әуе айлағының бірі.
Халықаралық Сарыарқа әуежайы Орталық Қазақстанның аса ірі әуежайларының бірі болып табылады. Халқының саны бойынша төртінші орында тұратын, еліміздің ірі ғылым және мәдениет орталығы – Қарағанды қаласының маңында орналасқан.
Халықаралық Атырау әуежайы Атырау қаласынан 8 шакырым жерде орналасқан. Әуежай балық және мұнай өнеркәсібінде мамандырылған Атырау облысына сәтті қызмет көрсетуде.
Халықаралық Ақтау әуежайы – жолаушылар тасқыны мен жүк тасымалдары бойынша үшінші орынға ие, Қазақстан Республикасының аса маңызды әуежайларының бірі.
Халықаралық Әулие ата әуежайы Тараз қаласынан 15 км жерде орналасқан. Қазіргі уақытта Қазақстанның болашағы зор әуе қақпаларының бірі болып табылады.
Халықаралық Шымкент әуежайы – Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің ең басты әуе айлақтарының бірі.