Халықаралық Ақтөбе әуежайы – еліміздің аса маңызды өнеркәсіптік аймағында орналасқан, Батыс Қазақстанның басты әуе айлағының бірі.
Әуежайдың географиялық орналасуы өте тиімді, ол Орталық, Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропа арасындағы аса маңызды жолаушылар бағыттарының қиылысу нүктесі болып табылады. Мұнай және газ саласында көптеген жобалардың жүзеге асырылуы осы әуе қақпаларының дамуы мен жаңаруына себепші болды.
Ақтөбе облысы индустрияландыру және энергетикалық саланы дамыту бойынша еліміздің аса ірі аймағы болып табылатындықтан, Батыс Қазақстанның бас әуежайы өзінің қуаттылығы мен даму қарқыны бойынша елдің басқа да әуе тораптарына жол бермейді.
Әуе торабы халықаралық деңгейдегі ұшуларды қамтамасыз ету және қолдау көрсету қызметтерін атқарады. Жолаушылар сапары өте жоғары санатты қызмет көрсетуге ие болады. Аэродром жүк ұшақтарын қабылдауға дайындалған. Қажеттілік болған жағдайда, бұл жерде техникалық қызметтер және барлық кемелерді жанар-жағармай материалдарымен қамсыздандыру қызметтері көрсетіледі.
Ақтөбе әуежайы, басшылығының салған күші арқасында, бүкіл кешені бойынша күрделі қалпына келтіруден өтті. Бүгінгі таңда ол заманауи диспетчерлік және электр-механикалық жабдықта жұмыс істейді, аса қуатты күзет жүйесі өте дәл қызмет етеді, жолаушыларды қабылдауға арналған жаңа терминал мемлекет басшыларын да қарсы алуға әзір, ұшып-қону жолақтарында Boeing B747, Boeing B777, Airbus A340 және Airbus A300 сияқты әуе кемелері жүре алады.