+7 (727) 299 1017
+7 701 529 8111
Біз тәулік бойы жұмыс істейміз

ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

Tarlan Aero компаниясыз сапарларға техникалық және ұйымдастырушылық жер үсті қолдау көрсету - Сіздің аса маңызды уақытыңыз бен күшіңізді алар еді.

Өзіңізді аса маңызды клиент ретінде сезініңіз, қажетті қызметтерді өз ісінің нағыз кәсіпқойларынан жылдам әрі сапалы түрде алудың қаншалықты тамаша екенін біліңіз.

Лайнерді шұғыл түрде жанармаймен қамтамасыз ету қажет, ал Сіздің авиациялық отын жеткізушісін таңдауда уақытыңыз да, ықыласыңыз да жоқ па? Немесе экипаж тобы мен жолаушыларына жер үстінде сапалы және лайықты қызмет қажет пе? Шешімі бар! Біз сапасы бойынша үздік және жедел қызмет етуді ұсынамыз.

Жер үстінде қызмет көрсету

Біздің топ экипаж үшін бейтаныс әуежайда жоғалуына жол бермейді, ұшақтың бұрылыс жасауы үшін барлық қажетті қадамдар мен шараларды ұйымдастырады, жерге қонуды үйлестіреді, шұғыл тәртіпте сапарға техникалық қолдау көрсетуде «жедел жәрдем» береді.

Жанармай құю

Қазақстан немесе Орталық Азия әуежайларының бірінде жерге қонған кезде Сіздің ұшағыңыз мінсіз беделге ие Tarlan Aero-ның сенімді әріптестері кепілдік берген авиациялық отынмен шұғыл түрде толтырылады.

Ұшуларды қамтамасыз ету

Экипаж бен қонақтарды қонақ үйде жайғастыру, қажетті жерге трансферлер ұйымдастыру, кейтерингтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету – осының барлығын біздің компания ұсынады, сонымен қатар, жолаушылар мен экипажға уақытша қолайсыздықтар жөнінде ұмытуға мүмкіндік береді.

Осыдан басқа, егер біз жұмыс істейтін әуежайлардың бірінде жерге қону қажет болса немесе ұшып өтуге рұқсат алу керек болса, біздің топ сіз үшін бірінші кезекте көмек көрсетуге дайын.

Біз тәулік бойы жаныңыздамыз. Еліміз бен Орталық Азияның қай әуежайында болсаңыз да, барлық қажетті қызметтерді алу үшін +7 727 239 3017 нөміріне хабарласыңыз немесе ops@tarlan.aero электрондық поштасына хат жолдаңыз.