+7 (727) 299 1017
+7 701 529 8111
Біз тәулік бойы жұмыс істейміз

Әуежайлар

Халықаралық Сарыарқа әуежайы

Халықаралық Сарыарқа әуежайы Орталық Қазақстанның аса ірі әуежайларының бірі болып табылады. Халқының саны бойынша төртінші орында тұратын, еліміздің ірі ғылым және мәдениет орталығы – Қарағанды қаласының маңында орналасқан.

Әуежай Еуропадан, Оңтүстік Шығыс Азиядан, сондай-ақ Таяу және Қиыр Шығыстан келетін жүк және жолаушы тасқындарының қиылысында өте тиімді орналасқан.

Халықаралық Сарыарқа әуежайы ішкі және халықаралық сапарларға қызмет көрсетеді, ұшып-қону жолағы Boeing B747-400 және Ан-124 Руслан сияқты авиақұрылыс алыптарын қабылдауға қауқарлы.

Әуе кешені сағатына 1200 жолаушыға дейін өткізе алады, бұл жерде VIP-санатты жолаушыларға арналған залдар, мейрамхана және қонақүй жабдықталған.

Жолаушылар тасқынына қызмет көрсетуден басқа, әуежай есігі жүк және әуе поштасын тасымалдау, дерлік барлық лайнерлерге техникалық қызмет көрсету және авиациялық жанармай құю үшін ашық. Әуежайдың жаңартылған техникалық құрамдас бөлігі ұшуларды сапалы деңгейде және үйлесімді бақылауға, лайнерлерді ұшып-қону үшін қабылдауға мүмкіндік береді.

Сарыарқа әуежайы – бұл жаңартылған, толықтай жабдықталған, дамыған инфрақұрылымы және жоғары өткізу қабілеті бар халықаралық санаттағы әуе кешені.

Ұшып-қону жолағы
05 / 23
Уақыт
UTC +6 / No DST
Бойлық
N49°40’ 17”
Көші-қон
Тәулік бойы
ИАТА коды
KGF
ИКАО коды
UAKK
Магниттi иiлу
8°E
Жүк тиейтiн құралдар
20 тоннаға дейін
Орт дарежесі
CAT VIII
Жабын
PCN 64/R/A/W/T
Асып түсу
573m / 1765ft
Жұмыс уақыты
Тәулік бойы
Өлшемдері
3602 x 60
Кеден
Тәулік бойы
Аэродром түрі
Азаматтық
Отын
ТС-1
ӘҚБ
Тәулік бойы
Ені
N49°40’ 17”