Халықаралық Шымкент әуежайы – Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің ең басты әуе айлақтарының бірі.
Оның аэродромы әуе кемелерінің кез-келген түрлерін шектеусіз қабылдап, тәулік бойғы тәртіпте кеден, шекара және жолаушыларға арналған қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге қауқарлы.
Әуежайдың орналасқан жері оған Оңтүстік Шығыс Азиямен, Еуропа елдерімен, Таяу және Қиыр Шығыс елдерімен тиімді транзиттік және тікелей әуе қатынасты қамтамасыз етеді. Әуежайда Қазақстан аумағымен және шетелге жолаушы сапарларын жүйелі түрде жүзеге асыратын жергілікті және шетел әуе компаниялары сәтті жұмыс істеуде.
Әуе кешенінің аумағында лайнерлердің тұрағына арналған 22 орын жабдықталған. Ұшып-қону жолағы ұлғайтылып-жаңартылған. 2007 жылы әуежай «В» санатына ие болды. Бүгінгі таңда ол барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және авиалайнерлердің кез-келген түрлерін еш қиындықсыз қабылдап алуға қабілетті.
Жүзеге асырылған жаңартудың және ұшуларға қызмет көрсетуге арналған заманауи техниканы орнатудың арқасында, әуежай және оның аэродромы Ил-76 және Ан-124 Руслан сияқты әуе кемелерін қабылдай алады. Ал заманауи жарық-сигналды жабдық жылдың кез-келген мезгілінде және кез-келген ауа райында үздіксіз жұмыс істеуге және көру мүмкіншілігін жасқартуға себепші болады.