+7 (727) 299 1017
+7 701 529 8111
Біз тәулік бойы жұмыс істейміз

Әуежайлар

Астана Халықаралық Әуежайы

Астана Халықаралық Әуежайы – 15 ірі әуе компаниясы қызмет ететін еліміздің бас әуе қақпасы. Оның аэродромы көп жылдан бері алыс және жақын шет елдерін біріктіреді.

Астаналық әуежай халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) IIIА санаты бойынша сертификатталған. Орнатылған заманауи жабдық диспетчерлер үшін әуе қозғалысын басқару мұнарасының диспетчер мониторында көрсетілетін ұшу алаңындағы әуе кемелерін және арнайы техниканы анықтауға, сәйкестендіруге және сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Әуежай Қазақстан Республикасының астанасынан 14 км қашықтықта орналасқан. Жақында ол елдегі ең заманауи және инновациялық әуе қақпаларының бірі деген мәртебеге ие болды, және осының барлығы оның 80 жылдан асқандығына қарамастан орын алып отыр. Бүгінгі таңда әуежайдың жаңа жүзі бар, бұл жапон сәулетшісі Кишо Курокава жобалап шығарған жолаушылар терминалы.

Халықаралық Астана әуежайы әр түрлі сапар түрлерін қабылдайды, оның аумағында жерге шұғыл қонулар, сондай-ақ жанармай құю немесе бұрылыс жасау үшін техникалық себептер бойынша орындалатын қонулар рұқсат етілген.

Астананың әуе қақпалары әуежайлардың ауқымы мен техникалық тұрғыдан жабдықталуына қойылатын халықаралық талаптарға толықтай жауап береді. Әуежайда заманауи техника және сужаңа диспетчерлік жабдық қолданылады.

Әуе торабы тәулік бойы жұмыс істейді. Кез-келген уақытта жоспардан тыс сапарды да, техникалық себептер бойынша шұғыл қонуды да орындауға, ұшақты уақытша ангарда орналастыуға да әзір. Астананың тиімді географиялық орналасуының арқасында, оның халықаралық әуежайы техникалық жанармай құюға, Қиыр Шығысты Еуропамен біріктіретін жүк- және жолаушы тасымалдарын орындауға арналған аса танымал және аса ірі тораптардың бірі болып табылады.

Ұшып-қону жолағы
04 / 22
Уақыт
UTC +6 / NoDST
Бойлық
E071°28’ 01”
Көші-қон
Тәулік бойы
ИАТА коды
TSE
ИКАО коды
UACC
Магниттi иiлу
9°E
Жүк тиейтiн құралдар
30 тоннаға дейін
Орт дарежесі
CAT IX
Жабын
PCN 79/F/C/W/T
Асып түсу
355m / 1165ft
Жұмыс уақыты
Тәулік бойы
Өлшемдері
3501 x 45
Кеден
Тәулік бойы
Аэродром түрі
Азаматтық
Отын
ТС-1
ӘҚБ
Тәулік бойы
Ені
N51°01’ 20”