+7 (727) 299 1017
+7 701 529 8111
Біз тәулік бойы жұмыс істейміз

Tarlan Aero – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс жасайтын Қазақстан мен Орталық Азияның негізгі әуежайларында жанармай құю және жер үсті қызметін көрсетуді қамтамасыз етеді.

Әуе сапарларына жер үстінде қызмет көрсету - әр әуежайдың маңызды қызметі болып табылады. Сіз Қазақстан немесе Орталық Азияның негізгі әуежайларының біріне ұшып келдіңіз бе? Еш алаң болмаңыз, сіздің экипажыңыз бен жолаушыларыңыздың әуежайға келуіне қызмет көрсетудің толық жиынтығын, ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету және ұшуды жылдам жүзеге асыруда мамандандырылған Tarlan Aero компаниясы қамтамасыз етеді.

Біз жұмысымызды жылдам әрі сапалы орындаймыз! Уақыттың құнсыз екендігі баршамызға мәлім. Біздің негізгі міндетіміз – авиациялық отынды, трансферді немесе қонақүйде жайғастыруды, сондай-ақ кейтерингтік қызмет көрсетуді іздестіру барысында сапар жолаушыларының уақытын үнемдеу.

Компания агенттері мен өкілдерінің кең желісі, оның тұрақты кеңейтілуі, Қазақстан мен Орталық Азияның барлық әуежайларында қызмет етуі, сондай-ақ шұғыл тәртіпте қызмет көрсету мүмкіндігі – біздің бәсекелестік артықшылықтарымыздың шағын болса да қомақты тізімі.

Жерге шұғыл тәртіпте қонуыңыз қажет, бірақ әуежай таныс емес пе? Ұшаққа сапалы отын құю қажет пе? Жерге қону барысында қызмет көрсету жөнінде басқа да мәселелер пайда болды ма? +7 701 5298111 нөміріне хабарласыңыз немесе ops@tarlan.aero электронды поштаға хат жолдаңыз. Біз барлық мәселелеріңізді шешеміз!

Өкілдерінің кең
желісі
11
жыл
Жұмыс тәжірибесі
Сенімділік

Компанияның қызметтері

Жер үстінде қызмет көрсету

Біздің топ экипаж үшін бейтаныс әуежайда жоғалуына жол бермейді, ұшақтың бұрылыс жасауы үшін барлық қажетті қадамдар мен шараларды ұйымдастырады, жерге қонуды үйлестіреді, шұғыл тәртіпте сапарға техникалық қолдау көрсетуде «жедел жәрдем» береді.

Жанармай
құю

Қазақстан немесе Орталық Азия әуежайларының бірінде жерге қонған кезде Сіздің ұшағыңыз мінсіз беделге ие Tarlan Aero-ның сенімді әріптестері кепілдік берген авиациялық отынмен шұғыл түрде толтырылады.

Ұшуларды қамтамасыз ету

Экипаж бен қонақтарды қонақ үйде жайғастыру, қажетті жерге трансферлер ұйымдастыру, кейтерингтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету – осының барлығын біздің компания ұсынады, сонымен қатар, жолаушылар мен экипажға уақытша қолайсыздықтар жөнінде ұмытуға мүмкіндік береді.

Әуежайлар

Астана

Астана Халықаралық Әуежайы

Астана Халықаралық Әуежайы – 15 ірі әуе компаниясы қызмет ететін еліміздің бас әуе қақпасы. Оның аэродромы көп жылдан бері алыс және жақын шет елдерін біріктіреді.

Алматы

Халықаралық Алматы Әуежайы

Халықаралық Алматы Әуежайы бұрынғы кеңес одағы елдерінде ICAO IIIB аэродром санатына ие бірінші әуежай болды.

Орал

Халықаралық Орал әуежайы

Халықаралық Орал әуежайы Батыс Қазақстан облысының орталығы болып табылатын Орал қаласына қызмет көрсетеді.

Ақтөбе

Халықаралық Ақтөбе әуежайы

Халықаралық Ақтөбе әуежайы – еліміздің аса маңызды өнеркәсіптік аймағында орналасқан, Батыс Қазақстанның басты әуе айлағының бірі.

Сарыарқа

Халықаралық Сарыарқа әуежайы

Халықаралық Сарыарқа әуежайы Орталық Қазақстанның аса ірі әуежайларының бірі болып табылады. Халқының саны бойынша төртінші орында тұратын, еліміздің ірі ғылым және мәдениет орталығы – Қарағанды қаласының маңында орналасқан.

Атырау

Халықаралық Атырау әуежайы

Халықаралық Атырау әуежайы Атырау қаласынан 8 шакырым жерде орналасқан. Әуежай балық және мұнай өнеркәсібінде мамандырылған Атырау облысына сәтті қызмет көрсетуде.

Ақтау

Халықаралық Ақтау әуежайы

Халықаралық Ақтау әуежайы – жолаушылар тасқыны мен жүк тасымалдары бойынша үшінші орынға ие, Қазақстан Республикасының аса маңызды әуежайларының бірі.

Әулие ата

Халықаралық Әулие ата әуежайы

Халықаралық Әулие ата әуежайы Тараз қаласынан 15 км жерде орналасқан. Қазіргі уақытта Қазақстанның болашағы зор әуе қақпаларының бірі болып табылады.

Шымкент

Халықаралық Шымкент әуежайы

Халықаралық Шымкент әуежайы – Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің ең басты әуе айлақтарының бірі.